БҚО-да қызды ұрып-соғып, пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомБатыс Қазақстан облысында 23 жастағы қызға шабуыл жасап, оны пышақтап кеткен ер адамды полиция іздестіруде - әлеуметтік желіде күдікті туралы ақпарат пайда болды, деп жазады "Мой город" басылымы.
Басылымның хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мессенджерлер арқылы 28 қаңтарда кешкі уақытта Ақсай қаласында темір жол өткелі көпірінің маңында белгісіз ер адам 23 жастағы қызды ұрып-соғып, пышақтап кеткені туралы ақпарат таратып жатыр.
Таралған ақпаратқа сәйкес, қызға пышақпен тап берген ер адамның жасы шамамен 25-30-да, бойы 160-165 сантиметр. Капюшоны бар қысқа қара күрте киген.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өкілдері ақпаратты растап, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу мен қылмысты ашуға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатқаны мәлім болды.
Полицейлер бұл іске қатысты басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058375-bqo-da-qyzdy-uryp-sogyp-pysaqtap-ketken-kudikti-izdestirilip-zatyr/