Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы ауылда оқ атылды: 34 жастағы ер адам көз жұмған

Жарияланған күні:

мылтық
Мылтық. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында оқ атылды. 34 жастағы ауыл тұрғыны алған жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ә. А. есімді ауыл тұрғыны түнде алған жарақатынан ауруханаға барар жолда көз жұмған. Ол бұрын жасаған қылмысы үшін сотты болған. Қазір қару қолданды деген күдіктілер іздестірілу үстінде. Ал мессенджерлерде төрт адамның күдікті екені көрсетілген полицияның бағыттама қағазы таралды. Қос тараптың да қылмыс әлеміне қатысы бары айтылуда.

Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктілерге іздеу жариялағанымен олардың кімдер екені нақты айтылмай отыр. Марқұмды қандай мылтықпен атқаны сараптамадан кейін белгілі болмақ.

"Марқұмды ауыл ішінде атқан. Оны ауруханаға алып бара жатқан. Бірақ медициналық мекемеге жетпестен жедел-жәрдем ішінде қаза болған. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни адам өлтіру бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау іс-шаралары жүргізілуде", - деді Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Алмаз Саламатов.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша болған төртінші кісі өлімі. Былтыр бұл бап бойынша аймақта 30-дан аса адам қаза болған.

Авторы: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063729-zambyl-oblysyndagy-auylda-oq-atyldy-34-zastagy-er-adam-koz-zumgan/