Ақмола облысында полицей мен оның досы өлі табылған: оқиғаның жай-жапсары айтылды
Жарияланған күні:
Кеше, 5 наурызда көлігінен өлі табылған полицей мен оның досының өліміне қатысты істің жай-жапсары белгілі болды. Бұл туралы Ақмола облысының ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, 5 наурызда сағат 08.05-те Есіл ауданының полиция бөліміне Audi A6 маркалы автомобиль салонында Есілдегі автокөлік жуу орнында екі адамның денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жастар түнде көлік жууға кіріп, ұйықтап қалғанын анықтады. Зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын ала себебі - көміртегі тотығынан улану", - деді Ақмола облысы ПД өкілдері.
Еске салайық, кеше, 5 наурызда таңертең Есіл қаласында қайғылы оқиға болды – көлік ішінен полицей мен оның досы өлі күйде табылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064843-aqmola-oblysynda-policei-men-onyn-dosy-oli-tabylgan-oqiganyn-zai-zapsary-aityldy/