Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда құтқарушылар екі адамның денесін тапты

Жарияланған күні:

Құтқару қызметі
Құтқару қызметі. Көрнекі сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін 7 сәуірде таңғы сағат 11.00 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Биылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды", - делінген хабарда.

ТЖМ өкілдері азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080304-qulsaryda-qutqarusylar-eki-adamnyn-denesin-tapty/