Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Жарияланған күні:
Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлапк кеткен. Оқиға бүгін түстен кейін жеке үйдің аумағында болды. Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылған.
ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
"Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз", - деп ескертті ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2106879-qostanai-qalasynda-ush-zhasar-bala-uiding-ekinshi-qabatynan-qulap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.