Жезқазғанда бес жасар бала көлікті қол тежегішінен шығарып, бірнеше адамды қағып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Желіде жеңіл көліктің адамдарды қаққан сәтінің видеосы жарияланды. Оқиға Жезқазған қаласында болған. Полицейдер мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқыс жайттың видеосы Instagram-дағы "Мой Жезказган" парақшасында жарияланды.
Кадрда бірнеше адамның жол жиегінде жиналып тұрғанын көруге болады. Бір кезде оларға қарай тротуар жақтан көлік сырғанап келе жатқаны байқалады. Көлік жол жиегінде тұрған бірнеше адамды қағып барып тоқтайды.
Бұл видеоға Ұлытау облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
"Полиция жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеді, зардап шеккендер жоқ. Автокөлікте отырған бес жасар бала көлікті қол тежегішінен шығарғаны анықталды. Салдарынан автокөлік өздігінен қозғалып, жаяу жүргіншілерді қаққан", - делінген хабарламада.
Төрт адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2107833-zhezqazganda-bes-zhasar-bala-kolikti-qol-tezhegishinen-shygaryp-birneshe-adamdy-qagyp-ketti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.