Ақсулық әйел үшінші қабаттағы пәтерден құлап, ағашқа ілініп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Павлодар облысында ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлаған әйелге көмектесті. Әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді.
"Құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу керегін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120661-qazaqstandyq-aiel-ushinshi-qabattagy-paterden-qulap-agashqa-ilinip-qaldy-video/