Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада құрылыс алаңында жұмысшының үстіне кірпіш құлады

Жарияланған күні:

Құрылыс орны. Фото
Құрылыс орны. Фото: Астана арнасы

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының үстіне кірпіш құлап, қаза тапты. Нысанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған болып шықты деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір қайғылы жағдай бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Астана қаласының құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу фактісі бойынша полиция абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", - деп хабарлады астаналық полиция департаментінің өкілдері.

Бұған дейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлаған едік.

Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілгенін, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Полиция өкілдері осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139897-astanada-qurylys-alangynda-zhumysshynyng-ustine-kirpish-qulady/