jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жүк көлігі самокат теуіп келе жатқан баланы қағып кетті

    Электр самокат
    Электр самокаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматының Бостандық ауданында самокат теуіп келе жатқан баланы "ГАЗель" қағып кетті. Зардап шеккен ұл бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы Zhest.kz парақшасында жарияланды. Видеодан самокатпен жолдан өтіп бара жатқан ұл баланы "ГАЗель" маркалы көлік қағып кеткенін көруге болады.

    Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жол апатын 25 маусымда Өтепов пен Розыбақиев көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады.

    Полицейлердің мәліметінше, оқиға салдарынан ұл бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

    Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын бастады.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылғаны туралы жазған едік.

    Сондай-ақ, Алматыда BMW жүргізушісі Саин көшесінде екі адамды қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

    Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

    Алматыда жүк көлігі самокат теуіп келе жатқан баланы қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.