jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 68 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды

    Жаяу жүргінші жолағы
    Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Алматының Түрксіб ауданында жаяу жүргіншілер өткелінде 68 жастағы әйелді қағып кетті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Алматының Түрксіб ауданында 68 жастағы әйелді жаяу жүргінші өткелінде көлік қағып кетті.
    • Оқиға Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында орын алып, жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
    • Полиция департаменті Toyota көлігінің жүргізушісі Айша Бибі көшесінен бұрылған кезде әйелді қағып кеткенін растап, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Оқиға орнында түсірілген видео ZHEST_KZ Telegram-дағы арнасында жарияланды. Оқиға бүгін таңертең Алматыдағы Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында болғаны хабарланды.

    Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жол апаты дерегін растады.

    "Toyota көлігінің жүргізушісі Айша Бибі көшесімен оңтүстік бағытта Рысқұловаға қарай солға бұрылып келе жатып, 68 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Түрксіб аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.

    Алматыда 68 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.