Екібастұзда терезеден құлаған үш жасар бала көз жұмды
Жарияланған күні:
Екібастұзда 3 жасар бала терезеден құлап қайтыс болды. Оқиға 5 тамыз күні кешке болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
- Екібастұзда 3 жасар бала 5-қабаттағы терезеден құлап кетті.
- Оқиға 5 тамыз күні кешке болған, жедел жәрдем қызметкерлері баланы дереу ауруханаға жеткізген.
- Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала келесі күні ауыр жарақаттан қайтыс болған.
Облыстық жедел жәрдем станциясының ақпаратынша, дүйсенбіде сағат 17.07-де қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер үш минуттан кейін баланы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді.
2021 жылы туған баланың 5-қабаттың терезесінен құлағаны анықталды. Жедел медициналық көмек көрсетілгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
"Ол келесі күні ауыр жарақаттан қайтыс болды", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі жасар бала терезеден құлап кеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146375-ekibastuzda-terezeden-qulagan-ush-zhasar-bala-koz-zhumdy/