Өскеменде өндірістік цехтан шыққан ірі өртті сөндіруге 60-тан астам адам тартылған (фото, видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Өскеменде ірі өрт болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өндірістік цехта ағаш жоңқалары жанқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
- Өскеменде өндірістік цехта ағаш жоңқалары жанып, ірі өрт шықты.
- Өртті сөндіруге 64 құтқарушы мен 11 бірлік техника, соның ішінде өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
- Өрт 650 шаршы метр аумақта сөндірілді, зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.
ТЖМ ақпаратынша, Өскеменде өндірістік цехта ағаш жоңқалары жанған.
"Өскеменде цехта алдын ала мәлімет бойынша ағаш жоңқасы жанып жатыр. Жедел штаб құрылды. Өрт ауданы анықталуда. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 64 адам мен 11 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Өрт 15:16-да анықталып, 15:23-те сөндірілді. Қызыл жалын 650 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖМ мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар өртті сөндіру үшін өрт сөндіру пойызын да пайдаланған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тұрғын үйлердің бірінің 16-қабатынан өрт шыққанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Өскеменде бес қабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. ТЖМ күштері үйден алты бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146467-oskemende-iri-ort-boldy-totenshe-zhagdailar-ministrligine-60-tan-astam-qutqarushy-men-ort-sondiru-poiyzy-zhumyldyryldy/