Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Қостанай облысының тұрғыны анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Зардап шеккендер ем қабылдап жатыр, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
- Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді.
- Зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдап жатыр, ал күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды.
- Полиция департаменті "Екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қостанай облысында 21 жастағы жігіт өзінің 62 жастағы анасы мен 37 жастағы әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
"Қазіргі уақытта күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды. "Екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Еске салсақ, Шымкентте 53 жастағы ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасап, үш айлық сәбиді теуіп, лақтырып жіберген деген күдікке ілінген еді.
Қалалық полиция департаменті факт бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146680-qostanailyq-zhigit-anasy-men-apkesine-pyshaqpen-shabuyl-zhasady-degen-kudikke-ilindi/