Алматыда 11 жастағы бала терең орға құлап кеткен (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда құтқарушылар тереңдігі 4 метр болатын орға құлап кеткен баланы құтқарып алды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ ақпаратынша, 112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы "Елисейские поля" коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Шақыру орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жұмысшы шұңқырға құлап кеткен болатын.
ТЖМ ақпаратынша, Нұра ауданында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың бірі тереңдігі 2 метр шұңқырға құлап, аяғын жарақаттап алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150556-almatyda-11-zhastagy-bala-tereng-orga-qulap-ketken-video/