jitsu gif branding logo appbranding logo app

Полицейлер мен әйелдердің айғайы: Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде төбелес болды (видео)

Мейрамхана жанындағы полицейлер
Мейрамхана жанындағы полицейлер. Видеодан кадр: lada.kz

Әлеуметтік желіде Ақтау мейрамханаларының бірінің маңында бір топ полицейдің тұрғаны түсірілген видео тарады. Мейрамханада төбелес болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Lada.kz.

Желіде тараған кадрлардан 2-шағын аудандағы мейрамхананың маңында жиналған бір топ полицейдің, арнайы көліктер мен жедел жәрдем көлігін көруге болады.

Басылым жазуынша, шақырту түскен жерге жеткен полицейлердің жұмысына кедергі жасалған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басылымға мекемеде төбелес болғанын хабарлады.

"Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Полиция оқиғаға қатысты басқа мәліметтер жарияламады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жаппай төбелес болғаны видеоға түсіп қалған болатын. Облыстық полиция қылмыстық іс қозғап, ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.