"Бетінен тепкен": қызылордалық әйел ұлы үшін сот алдында жауап берді
Жарияланған күні:
Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасының бетіне соққы жасап, дене жарақатын салды. Баласының әрекеті үшін анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Соттың Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматшаға қатысты іс қаралды.
"Азаматшаның кәмелетке толмаған ұлы сыныптасының бет тұсынан бір рет теуіп, дене жарақатын салып, қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана іс әрекет жасауына алып келген іс-әрекет жасаған", - делінген сот хабарламасында.
Яғни, азаматша ұлының тәрбиелеу және білім беру оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетті жасауына жол берген.
"Азаматша сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтты", - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен әйел Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 51 688 теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156728-betinen-tepken-qyzylordalyq-aiel-uly-ushin-sot-aldynda-zhauap-berdi/