Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төрт жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап көз жұмды

Жарияланған күні:

Терезеге қарап тұрған бала
Терезеге қарап тұрған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау қаласында тұрғын үйдің алтыншы қабатының төрт жасар бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 16:50 шамасында Сарыарқа ықшамауданында болған.

Жедел жәрдем қызметкерлері баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

"Жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде 2020 жылы туылған бала өте ауыр халде болған. Барлық реанимациялық шаралар жасалды. Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерден дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Алайда бала қабылдау бөлімінде көз жұмды", - деп жауап берді Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы.

Атырау облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, биыл Атырауда балалардың терезеден құлап кету жағдайы бойынша 9 оқиға тіркеліп, оның ішінде екі бала қайтыс болған. ТЖД балаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде екінші қабаттан үш жасар бала құлап кетті. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163609-atyrauda-tort-zhasar-bala-altynshy-qabattyng-terezesinen-qulap-koz-zhumdy/