jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Екібастұзда 5 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен

    Терезе қасында отырған бала
    Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Екібастұз қаласында сәрсенбіде қайғылы оқиға болды. Үшінші қабаттан құлаған бала қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Павлодар-онлайн".

    Баланың жағдайы туралы облыстық білім басқармасы айтып берді.

    "Осы жылдың 18 қыркүйегінде шамамен сағат 15:00-де Екібастұзда бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Жедел жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған баланы қала ауруханасына жеткізді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін баланың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Емдеу толық көлемде жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

    Бұл жыл басынан бері Павлодар облысында болған 12-жағдай. Павлодарда алты бала, Екібастұзда төрт, ал Ақсуда екі бала терезеден құлап кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.