Астанада өртенген "Сергек" камерасы видеоға түсірілді
Жарияланған күні:
Астанада өртенген "Сергек" камерасы видеоға түсірілді. Видеоны Telegram-дағы Astanovka98 арнасы жариялады. Олардың мәліметінше, кадрлар Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында түсірілген.
KAZ.NUR.KZ тілшісіне елордалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жағдай туралы айтып берді. Өрт шыққан жерге келген өртсөндірушілер электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрттің шыққанын анықтаған.
"Өртсөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақытта сөндірілді", - деп хабарлады ведомствода.
Айта кетейік, бағдарлама әзірлеушісінің ресми сайтындағы мәліметіне сәйкес, "Сергек" – интеллектуалды бейнебақылау, талдау және болжау жүйесі. Ол қала көшелері мен жолдарындағы құқықбұзушылықтарды тіркейді.
Жалпы бейнебақылау камераларынан алынған деректер қалалық ахуалдық орталықтарға жіберіледі, сол жерде полиция қызметкерлері жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда шаралар қабылдай алады. Қазақстан қалаларында орнатылған камералардың жалпы саны шамамен – 30 мың.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164174-astanada-ortengen-sergek-kamerasy-videoga-tusirildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.