Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адам сүйектері табылды деген ақпарат пайда болды: полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бас сүйек
Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясы аумағында адам сүйектері табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Қалалық полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Медеу ауданындағы ҰҚК Шекара академиясы аумағында инженерлік желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде адам сүйектері табылды", - делінген "Мой Алматы" Telegram-арнасында.

Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде адамның 12 бас сүйегі мен 26 дене сүйегі табылған болатын.

Сол кезде құзырлы орган қызметкерлері фактіні тіркеп, тергеу алды тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Сондай-ақ табылған сүйектер қайта жерленетіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164396-almatyda-adam-suiekteri-tabyldy-degen-aqparat-paida-boldy-politsiia-pikir-bildirdi/