Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер адамды пойыз қағып кетті

Жарияланған күні:

пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте пойыз қаққан ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Отырар" телеарнасының ақпаратынша, Шымкентте пойыз ер адамды қағып кеткен. Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 22.00 шамасында Исмаилов пен Жангелдин көшелерінің арасында болған. Телеарнаның мәліметінше, марқұм 30-35 жас аралығында болған.

Көліктегі полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне тергеу басталғанын хабарлады.

"Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген жауапта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164407-shymkentte-er-adamdy-poiyz-qagyp-ketti/