Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: тұрғындардың жеке мұрағатынан

Атырауда Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінен екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, мейрамхананың шатырына түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жедел-жәрдем қызметкерлері шақырту түскен бойда оқиға орнына барған.

"Бала аса ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді", - дейді Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қазір терезеден құлаған бала жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

Оқиға туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсінік берді.

2022 жылы туылған баланың құлап кеткені жөніндегі қоңырау 12:50-де түскен. Ведомство мәліметінше, жыл басынан Атырауда 9 бала терезеден құлаған. Олар ата-аналардың балаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2166337-atyrauda-eki-zhastagy-bala-besinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-auyr-zhagdaida-auruhanaga-tusti/