"Ішінде әйел болған": Астанадағы көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті
Жарияланған күні:
Желіде Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон құлағаны туралы видео пайда болған еді. Оқиғаның мән-жайын қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнынан түсірілген видео Патриот Telegram арнасында жарияланды. Жазбада Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон құлағаны жазылған. Ал балконда тұрған әйел темір торлардан ұстап үлгеріп, ғажайыптың күшімен аман қалғаны жазылған.
Астана Төтенше жағдайлар департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар барлық қажетті шараларды атқарғанын хабарлады.
"Оқиға орнына жеткенде құтқарушылар "Жарық" ПИК өкілдерімен бірлесіп, тұрғындар мен өтіп бара жатқандар үшін ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қауіпті аумақты қоршады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде балкондарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша одан әрі жұмыс "Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес тұрғын үй иелері мен ПИК жауапкершілігінде екенін атап өткен жөн.
Осы ретте, осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Астана қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Астана қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына тиісті шараларды қабылдау туралы хат жолдады" - делінген хабарламада.
Ведомство халықты тек тексерілген ақпаратқа сенуге және нақты деректерді алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167791-astanadagy-kopqabatty-uiding-balkony-opyrylyp-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.