Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті (видео)

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда көлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы бірнеше жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым ақпаратынша, оқыс жағдай 30 қыркүйекте сағат 18:40-та болған. Toyota Corolla маркалы көліктің жүргізушісі Сәтпаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында өзінің қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кеткен.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 2002 жылы туған полиция қызметкері жарасын тігіп, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген.Сараптама нәтижесіне сәйкес, іс тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Басылым жазуынша, жүргізуші күн сәулесінің түсуі салдарынан қиылыста қозғалысты реттеп тұрған полицейді көрмей қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167816-atyrauda-patruldik-politsiia-qyzmetkerin-kolik-qagyp-ketti-video/