Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумағында өрт шықты

Жарияланған күні:

Қостанайлық өртсөндірушілер
Қостанайлық өртсөндірушілер. Фото: gov.kz

Қазақстанның Ресеймен шекаралас Қостанай облысы Жітіқара ауданында өрт шықты. Қостанайлық өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомсвто мәліметінше, термалды нүктелерге мониторинг жүргізу барысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Жітіқара ауданымен шекараға жақын Ресей аумағында өрт ошағын тіркеген.

Өрт тез таралып, Қазақстан аумағына өткен. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары дереу оқиға орнына бет алды.

Өрт шыққан аумақтың қашықта орналасуы және жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып, өрттің жылдам таралуына әсер еткен.

"Құтқарушылардың жедел реакциясы мен шекара қызметімен және басқа да органдармен үйлестірудің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол бермей, Қазақстан аумағында 1400 шаршы метр аумақта өртті жедел оқшаулауға және сөндіруге мүмкіндік туды.

Табиғи өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171319-qazaqstannyng-reseimen-shekaralas-aumagynda-ort-shyqty/