Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апаты болды
Жарияланған күні:
Бүгін Текеліде тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан шетелдік көліктің дөңгелегі астында 48 жастағы әйел қаза тапты. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Апат туралы ақпарат Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болды. Суретте бүлінген екі көлікті көруге болады, олардың біреуі бүйіріне аударылған.
"Адам денесі бөлініп қалған", - делінген жазбада.
Облыстық полиция 48 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқанын растады.
Ведомство өкілдері жол апаты бүгін, 16 қазанда Текелі қаласындағы Пушкин көшесінде болғанын хабарлады. Nissan Renessa және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.
"Nissan Renessa көлігінің 44 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік инерциямен жаяу жүргіншіні қағып өткен. Ол, өкінішке қарай, сол жерде қайтыс болды. Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді", - деді Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Ведомстводағылар жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2175140-zhetisu-ongirinde-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy/