Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер адамға қарумен шабуыл жасады деп күдікке ілінген депутат қамалды

Жарияланған күні:

Депутат төсбелгісі
Депутат төсбелгісі. Көрнекі фото: parlam.kz

Қарағанды облысының Нұра ауданы Ахметауыл ауылында 21 қазанда 60 жастағы жергілікті тұрғынға қарумен қорқыту оқиғасы орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, күдікті анықталып, ұсталған. Ол 38 жастағы аудандық мәслихаттың депутаты болып шықты. Оған "Қсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар "қорқыту" және "атыс қаруын заңсыз алып жүру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір жәбірленушінің барлық дәлелі мұқият тексеріліп жатыр.

Қылмыстық іс Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2177472-qaragandy-oblysynda-er-adamga-qarumen-shabuyl-zhasady-dep-kudikke-ilingen-deputat-qamaldy/