Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 400 орам шөп өртеніп кетті

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші оқиға орнында
Өрт сөндіруші оқиға орнында. Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысында 400 орам шөп жанып, өрт сөндірушілер 200 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе қаласының Алматы ауданында шаруа қожалықтардың бірінің аумағында 400 орам шөп жанды.

Өрт 200 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.

Айта кетейік, Қарағанды ​облысында 16 тонна шөп өртеніп кетті.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында 600 тоннадан астам шөп өртенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2177721-aqtobe-oblysynda-400-oram-shop-ortenip-ketti/