Қаскелеңде көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:
Алматы облысының өртсөндірушілері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдай Қаскелеңдегі бес қабатты үйде орын алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты", - делінген ресми хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2178929-qaskelengde-kopqabatty-uiding-turgyndary-evakuatsiialandy-video/