Қарағандыда тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Желіде Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт істен шығып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адамның ауруханада жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "Патриот" арнасының хабарлауынша, Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт істен шығып, бір жұмысшы қайтыс болды.
Екіншісі ауруханаға жатқызылды – ол ауыр халде Мақажанов атындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
"Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде орын алған оқиғаға байланысты тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді департаменттегілер.
Қазір бірқатар сараптама тағайындалғаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2180751-qaragandyda-turgyn-ui-kesheninde-lift-qulap-bir-adam-qaza-tapty/