Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда жылу құбыры жарылды: әкімдік түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылу трассасы
Жылу трассасы. Көрнекі фото: imantsu / Getty Images

Бүгін түнде Қостанай облысының Рудный қаласында төтенше жағдай болды. Жылу желісі істен шықты. Бұл жағдайға қатысты әкімдік өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 8 қарашада сағат 02:00 шамасында Топорков көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілері зақымданды.

"Сағат 8:30-да жарылған жер жөнделіп, тоқсандық құбыр жұмыс істей бастады. Жеке сектордағы барлық 198 абонент жылумен қамтылды.

Сағат 6:00-де Строительная көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілері зақымданып, 27 абонент жылудан ажыратылды. Десек те, тұрғын үйлерде температура режимі қалыпты", - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстарына 11 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылған. Әкімдік мәліметінше, сағат 12.00-ге дейін жылу жүйесі қалпына келтіріледі.

Ведомство өкілдерінің сөзінше сөзінше, бұл құбырлар магистральдық емес, мұнда бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Рудный қаласындағы орамішілік желілердің жалпы ұзындығы - 140 км, оның ішінде жеке сектордың тарату желілері 44 км-ді құрайды.

"Соңғы екі жылда Рудный қаласында 16,5 млрд теңгеден астам сомаға 33,8 км жылу желілері жөнделген.

Апатты жою мәселесі Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында", - делінген хабарда.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде магистральдық желілер бойынша жалпы тозу 40,3 пайыздан 31,4 пайызға дейін, тоқсандық желілер бойынша 71,9 пайыздан 65,9 пайызға дейін төмендеді.

Айта кетейік, Gismeteo порталының ақпаратына сәйкес, бүгін Рудныйда 6 градусқа дейін аяз болады деп болжанды, ал түнде термометр бағаны -17 градусты көрсеткен. Қазіргі уақытта ауа температурасы -10 градус болса, желдің жылдамдығы – 5 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2184776-rudnyida-zhylu-zhelisinde-tagy-da-aqau-shyqty/