Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тұрғын үй өртеніп, әйел ұлымен бірге қаза тапты

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші оқиға орнында
Өрт сөндіруші оқиға орнында. Фото: gov.kz

Атырау облысындағы ауылдардың біріндегі тұрғын үйде өрт шығып, қарт әйел баласымен бірге қаза тапты. Қайғылы оқиға таңғы уақытта болған. Тағы екі отбасы мүшесі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Атырау Пресс".

Басылым мәліметінше, 5 қарашада сағат таңғы 04:30-да Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы тұрғын үйден өрт шыққаны туралы шақырту түсті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде жеке тұрғын үйге жалғанып салынған ауданы 72 шаршы метр болатын уақытша тұрғын үйдің ашық отпен жануын анықтады.

"Өрт сөндіру бөлімшесі барлау жұмыстары кезінде 1958 жылы туған әйел мен 1989 жылы туған ер адамның денелерін шығарды. Сонымен қатар қолынан күйік алған 1956 жылы туған ер адам мен 2019 жылы туған қыз бала түтінге улану белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Өрт сағат 5:52-де оқшауланып, сағат 6:30-да толықтай жойылды.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2186036-atyrau-oblysynda-turgyn-ui-ortenip-aiel-ulymen-birge-qaza-tapty/