jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы төбелес кезінде полиция қызметкері жараланды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кеше түнде Алматыда болған төбелес кезінде полиция қызметкері жараланды. Ведомство өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Egovpress Telegram-арнасының хабарлауынша, түнде Алматының Алатау ауданындағы дәмханалардың бірінің жанында төбелес болып, полиция капитаны сол жақ кеудесінен жарақат алған.

    "Оқиға болған күні полиция қызметкері кезекшілікте болмаған. Жамбыл облысынан келген күдікті көп ұзамай ұсталды", - делінген хабарламада.

    Полиция департаменті төбелес туралы ақпаратты NUR.KZ тілшісіне растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

    "Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведосмтво өкілдері.

    Еске салсақ, Оралда қазанда еңбек демалысында жүрген полиция қызметкерін пышақпен жарақаттаған болатын. Сол кезде полиция өкілдері денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Автор: Динар Мұрат

    Алматыдағы төбелес кезінде полиция қызметкері жараланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.