Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

Полицейлер Алматыда супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болды. Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Қаскөй 400 мың теңгені алып кеткен.

"Қаскөй бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды.

Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2186934-almatyda-supermarketting-esepshisine-shabuyl-zhasagan-kudikti-ustaldy/