"Көлік қар құрсауында кептеліп қалған": Жетісу облысында түн ортасында төрт адам құтқарылды
Жарияланған күні:
Жетісу облысында түн ортасында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан төрт адамды құтқарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Алакөл ауданында республикалық маңызы бар Қабанбай-Үшбұлақ автожолында адамдар бар автокөлік қар құрсауында кептеліп қалды.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі төрт адамды қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.
Айта кетейік, Балқаш көлінің ортасында сынық қайықта қалып қойған балықшылар құтқарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2187101-kolik-qar-qursauynda-keptelip-qalgan-zhetisu-oblysynda-tun-ortasynda-tort-adam-qutqaryldy/