Алматыда жаппай төбелес болды (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін, 18 қарашада желіде Алматының Жетісу ауданында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео EGOV.PRESS Telegram-дағы арнасында пайда болды.
"Кейбір ақпарат көздері Алматыда Жетісу ауданы, Ангарская көшесі, №107 мекенжайында жаппай төбелес болды деп хабарлайды", - деп жазды арна авторлары.
Бейнежазбада бір топ ер адам арасындағы жанжалды көруге болады. Екеудің арасында басталған төбелес ушығып, оған басқа қатысушылар да араласады.
NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы полициясына хабарласты. Төбелеске қатысушылардың қазіргі уақытта ұсталғаны хабарланды.
"Аталған факт бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрқайсының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2189103-almatyda-zhappai-tobeles-boldy-video/