jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысында мектеп аумағындағы қазандық жарылды: бір адам зардап шекті

    Оқиға орны
    Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

    Бүгін, 22 қарашада Абай облысы Үржар ауылындағы мектеп аумағында қазандық жарылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдік ақпаратынша, 22 қарашада Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығы жарылып кеткен. Алдын ала деректер бойынша, апаттың себебі – жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі.

    "Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды. Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы тұрақты.

    943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр. Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған", - делінген хабарламада.

    Абай облысында мектеп аумағындағы қазандық жарылды: бір адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.