Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген

Жарияланған күні:

Жанып жатқан сіріңке
Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Алматы облысында ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жібергені туралы ақпарат пайда болды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілген. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Құзырлы орган өкілдері тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендер үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда бойжеткенге қол көтерген ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Кейін күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2191250-almaty-oblysynda-er-adam-ozimen-birge-turatyn-aielding-ustine-benzin-quiyp-ortep-zhibergen/