jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда мас жүргізуші мінген көлік терең шұңқырға құлап кетті (видео)

    Ақтаудағы апат
    Ақтаудағы апат. Видеодан кадр: instagram.com/911.aktau

    Ақтауда көліктің шұңқырға құлап кеткені бейнеленген видео желіде тарауда. Жүргізушінің мас болғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақтауда 31 шағын ауданда көлік шұңқырға түсіп кетті. Оқиғаның видеосы 911.Aktau Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

    Куәгерлердің видеосынан аударылған көліктің тұрғын үйдің жанындағы терең шұңқырда жатқаны және адамдардың жүргізушіге көмектеспек болғаны байқауға болады.

    Оқиғаның мән-жайын Lada.kz журналистері Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен білді. Олардың мәліметінше, ер адам ауруханаға жеткізілуден бас тартып, мас күйде болған. Ол полицияға тапсырылды.

    Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттен шыққан көлік жүргізушісінің мас күйде 40 жолаушыны тасымалдағанын хабарлаған едік.

    Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Тәртіп сақшылары оған бірден Бурабай аудандық ауруханасына медициналық куәландарудан өтуді ұсынады. Онда дәрігер ер адамның орташа дәрежедегі алкогольді масаң күйде екенін анықтаған.

    Ақтауда мас жүргізуші мінген көлік терең шұңқырға құлап кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.