Павлодарда жеңіл көлік өртеніп кетті
Жарияланған күні:
Бүгін таңертең Павлодар көшелерінің бірінде өрт сөндірушілер отқа оранған көлікті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Павлодар қаласының Ткачев көшесінде көліктен өрт шыққан, оны өрт сөндірушілер дер кезінде сөндірген.
Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Павлодарда лифт шахтасында өрт шығып, 11 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Малайсары батыр көшесі бойындағы он қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасында қоқыс өртеніп, ТЖМ қызметкерлері түтін аймағынан баспалдақ маршымен 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Ал БҚО-да көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, балалар терезеден секіруге мәжбүр болғанын еске саламыз. Өрт 60 шаршы метр аумаққа таралған. ТЖД қызметкерлері 12 адамды, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығарған. Зардап шеккен үш адам қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2191863-pavlodarda-zhengil-kolik-ortenip-ketti/