jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

    Күдіктіге кісен салу
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, автобус жолаушылары арасында жанжал болған.

    Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оның денесіне зақым келтірген.

    "Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

    Алматы қалалық полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін ескертті.

    "Әрбір азамат заңдылық пен тәртіптің мүлтіксіз сақталатынына, кез келген заңсыз әрекеттерге тиісті құқықтық бағасын алатынына сенімді болуы керек", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.