Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында таксиші әйелді жолаушы ұрып-соғып, ақшасыз далада қалдырып кеткен

Жарияланған күні:

Көлік тізгінінде әйел
Көлік тізгінінде әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында такси жүргізген әйелге жолаушы шабуыл жасады. Жәбірленушінің ақшасы мен көлігі ұрланды, деп хабарлайды аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 26 қарашада Целиноград ауданының аумағында болған.

"Жәбірленушінің айтуынша, ол жолаушыны Қоянды ауылына апаруға келіскен. Жолда күдікті оған шабуыл жасап, құқыққа қайшы әрекеттерге барған. Қылмыстық әрекетін жасағаннан кейін күдікті жәбірленушінің ақшасын алып кетіп, ұялы телефонын ұрлап, түнде әйелді далаға қалдырып, көлікті айдап кеткен", - деді Ақмола облысының полиция департаментінен.

Ең жақын елді мекенге жеткен әйел болған жайт туралы полицияға хабарлаған.

Дереу Целиноград криминалдық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Бірнеше сағаттың ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол елордада ұсталды.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы, соның ішінде көлік ұрлау және тонау бойынша іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2193371-aqmola-oblysynda-taksishi-aieldi-zholaushy-uryp-sogyp-aqshasyz-dalada-qaldyryp-ketken/