jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы облысында газ жарылысынан бір үйде өрт шығып, екі адам зардап шекті

Өрт сөндіру сәті
Өрт сөндіру сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Сәрсенбі, 27 қараша күні кешке Алматы облысындағы Байсерке ауылында төтенше жағдай болды. Үйлердің бірінде газ жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, бүгін Іле ауданындағы Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы болып, арты өртке ұласқан.

Өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланып, күйіктермен ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.

"Өрт есептоптарының қабылдаған шаралары арқасында өрттің көрші пәтерге таралуына жол берілмей, өрт жедел түрде сөндірілді", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Жетісу облысында өрттен 3 адам құтқарылған еді. Олардың ішінде бір бала болды. Шаруашылық құрылыстары өртеніп кеткендіктен адамдар өз бетімен шыға алмай қалды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.