Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Пышақ ұстаған жасөспірім
Пышақ ұстаған жасөспірім. Көрнекі сурет: Uwe Umstatter / Getty Images

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім аяғынан пышақталып, ауруханаға түсті. Полиция "бұзақылық" оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, жасөспірімнің бір жамбасы қатты жараланған. Оған ота жасалған. Қазір науқас травматология бөлімінде жатыр.

"Науқастың бір жамбасының төмен жағы жараланған. Ірі қан тамырлары зақымбандаған. Жарақат тереңдігі 3-4 сантиметр", - дейді облыстық балалар ауруханасындағылар.

Зардап шеккен бала оқитын мектеп директорының айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы достарымен ойнап жүрген уақытта жараланған.

Соған қарамастан, полиция бұзақылық оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің кім екені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

"Онда мектебіміздің екі оқушысы және колледждің бір студенті болған. Пышақ сол студентке тиесілі. Пышақпен ойнап отырып, оқушы санының сәл жоғары жеріне тығып алған. Тергеу жүріп жатыр. Ата-ана жазатайым оқиға екенін біледі. Бәрі осында, ауруханада болды. Зардап шеккен баланың ата-анасы да абайсызда болған оқиға екенін біледі", - дейді мектеп директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2193539-aqtobede-mektep-oqushysy-pyshaq-zharaqatyn-alyp-auruhanaga-tusti/