Top.Mail.Ru

Зектілері

"Капотын ұрып, майыстырып кеткен": Астанада көлікке зиян келтірген бұзақылар ұсталды

Жарияланған күні:

Әйнегі сынған көлік
Сынған көлік. Фото: Астана әкімдігі

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзып, көлікке зиян келтірген екі азамат анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, "Тоқта, вандал" акциясы аясында қаланы вандализмнен қорғау мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Белсенділер, спортшылар және еріктілердің көмегімен тәртіп бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылуда.

"14 желтоқсанға қараған түні 30 жастағы азамат мас күйінде көліктің терезе тазалағыштарын сындырып, капотын ұрып, майыстырып кеткен. Осылайшп ол 400 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірді.

16 желтоқсан күні кешке Мұстафин көшесінде жүрген 32 жастағы ер адам өзге біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді", - делінген хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылдың басынан бері 300-ден астам азамат бөтеннің мүлкін бүлдіргені, қоғамдық орындарды ластағаны және ғимараттарға зиян келтіргені үшін сот арқылы жазаланды.

Вандализмнің алдын алу мақсатындағы шаралар Астана қалалық прокуратурасы мен полиция департаментінің үйлестіруімен жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2202635-kapotyn-uryp-maiystyryp-ketken-astanada-kolikke-ziian-keltirgen-buzaqylar-ustaldy/