Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Grand Park маңында атыс болды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы атыс
Алматыдағы атыс. Видеодан алынған кадр: t.me/almatylive_kz

Желіде Алматы қаласындағы Grand Park сауда-ойын-сауық орталығы маңында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция 18 жастағы жасөспірім дабыл тапаншасымен ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда атыс болғаны туралы мәлімет Telegram-дағы Almaty Live арнасында жарияланды. Куәгерлер түсірген видеода адамдардың ғимараттан шығып, көшеде жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Айқай естіледі. Видеоға түсіріп тұрған қыз осының алдында атыс даусы естілгенін айтты.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы полициясына осы оқиғаға қатысты мәлімет сұрады.

"102-ге Қабдолов көшесінде атыс даусы естілгені туралы ақпарат түсті. Күзет полициясы тез арада 18 жастағы жасөспірімді ұстады. Оның дабыл тапаншасы болған.

Бұзақылық фактісі бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, өткен аптада ғана Алматы қаласында түнгі барлардың бірінде таңға жақын атыс болғаны туралы мәлімет тараған.

Ал екі ай бұрын Алматыда жүргізуші жолда көлікке тапаншадан оқ атқан. Ер адамның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.

Оның алдында Алматыда барға жиналғандар жанжалдасып, оқ атылғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204478-almatydagy-grand-park-mangynda-atys-boldy-video/