Top.Mail.Ru

Зектілері

Дәрігер Ақтөбеде жеті жасар бала телефон бермеген анасын пышақпен жарақаттағанын айтты

Жарияланған күні:

Нұргелді Бақтыбаев
Нұргелді Бақтыбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ / Ардақ Ерубаева

Ақтөбелік дәрігерлер балалар мен жасөспірімдер арасында цифрлық аутизмнің қауіп төндіріп тұрғанына алаңдаулы. Баласының телефонына шектеу қойған ата-аналар полиция шақырып, психиатрға жүгінуге мәжбүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл көмек бекетінің арнайы мамандандырылған №36 бригада дәрігері Нұргелді Бақтыбаев шақырту кезінде куә болған оқиғаларды портал тілшісіне баяндап берді.

"Психиатрия және наркологиялық бригада психоз белгілерімен шақыртуларға барады. Тұрақты есепте тұрған науқастардан бөлек психоз белгілері бойынша бірінші немесе қайталап шақыртулар болады. Ересектерге және балаларға да барамыз. Қазір интернет дамыған уақыт. Оның пайдасы да, зияны да бар. Пайдасы – әлемді көру арқылы бала дамиды, зерек болады. Бірақ оның шегі болмаса баланы цифрлық аутизмге әкеледі. Кішкентай балаға телефон бермеген дұрыс. Тілі шықпаған баланың миы экрандағы сюжетпен қоректенеді. Балалар жиі қарайтын бейнелердің дені қатігездікті көрсетеді. Батыр рөліндегі қатыгез кейіпкерлер бар. Кей балалар "мысықты есікке қысып қал, лақтыр" деп тапсырма беретін ойындардың ішінде отыр. Оны өмірде көріп жүрміз. Мұның бәрі баланың психикасына әсер етеді",- деді дәрігер.

Психиатр-наркологтың айтуынша смартфонға жіпсіз байланудың салдары балаларды цифрлық аутизмге әкеліп жатыр. Қазіргі уақытта ақтөбелік дәрігерлер жоқ дегенде 5-7 кейде 13-17 шақырту барады. Бұл жерде бала да ересектер де бар. Бұл психоз белгілері бойынша шақыртулар.

Ақтөбе облысы бойынша психологиялық көмек көрсететін бір бригада бар. Олардың үздіксіз шақыртуға шығып жатқан желілік бригадалардан бағыты бөлек. Бұл бригада барлық шақыртуларға құқық қорғау қызметкерлерімен бірге жүреді. Себебі өте психоз, дәрігерлердің өміріне қауіп төндіретін жағдайлар жиі болады.

"Кейбір шақыртуда балтамен, ломмен қарсы алады. Психоз кезінде адам өз әрекеттеріне жауап бере алмайды. Сондықтан үнемі полициямен жүреміз. Соңғы уақытта балаларға қатысты шақырту көп. Тағы бір жағдай 3 сынып оқушысы телефонға таласып ағасымен араздасқан. Бір апта мектепке бармаған. Ата-анасын тыңдамайды. Сол күні көршілері “түнде мазамызды алды” деп полиция шақырған. Анықтай келе баладан психоз белгілері анықталып, инспекторлар бізді шақырды. Ата-аналар балаға көңіл бөліп, әңгімелесуге уақыт тапса, мұндай жайдайдан айналып өтуге болады", - деді дәрігер.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206071-dariger-aqtobede-zheti-zhasar-bala-telefon-bermegen-anasyn-pyshaqpen-zharaqattaganyn-aitty/