Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік көпірден құлады (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/halyqstan

Желіде Ақтөбе облысындағы тасжолда болған апаттың видеосы пайда болды. Кадрдан көліктің көпірден құлағанын көруге болады. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік жаңа көпірден құлап кетті", - делінген кадрлардың астында.

Ақтөбе облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратына сай, 27 желтоқсан күні Ақтөбе-Астрахань тасжолының Алға қаласына жақын бойында "ВАЗ-2114" және "Тойота Сиенна" көліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

"Апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп түсіндірді департамент.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде жол ережесін сақтауы маңызды екенін еске салды.

Еске салсақ, түнде Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206173-aqtobe-oblysynda-adamdar-mingen-kolik-kopirden-qulady-video/