Top.Mail.Ru

Зектілері

Алматыда жеңіл көлік шайханаға соғылды: зардап шеккендер бар (фото)

Жарияланған күні:

Шайханаға соғылған көлік
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Алматыда 28 желтоқсанға қараған түні жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам зардап шекті. Жол апаты кезінде көліктердің бірі қаладағы шайханалардың біріне соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде Яссауи-Трудовая көшесінің қилысында болған. Трудовая көшесімен батыс бағытта келе жатқан Toyota Matrix көлігі белгіге қарамастан, Яссауи көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан Hyundai Sonata көлігін өткізбеген.

Шайхана ішіне кіріп кеткен көлік
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Салдарынан екі көшенің қилысында жол-көлік апаты болған. Hyundai Трудовая көшесіне шығып кетіп, Toyota Matrix-ке соғылған. Қатты соққыдан бұл көлік шайханаға соғылған – дәмхананың қабырғасын бұзып өтіп, ішіне кіріп кеткен.

Жол-көлік апатынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік
Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Басылым авторының мәлімдеуінше, бұған дейін де осы көше қилысында жол-көлік оқиғасы болып, көліктер шайханаға соғылған екен. Дәмхана иесі оған себеп бағдармашның жоқтығы деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206265-almatyda-zhengil-kolik-shaihanaga-sogyldy-foto/