Top.Mail.Ru

Зектілері

Зардап шеккендер бар: Астанада 5 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/astana_brothers

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысында 5 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Қалалық полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы Astana_brothers парақшасында Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысында болған жол апатының кадрлары жарияланды.

Осы ақпаратқа қатысты Астана полиция департаментінің патрульдік полиция полкі түсініктеме берді.

"Кенесары-Сембинов қиылысында Chevrolet көлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам белгісінен өтіп кетіп, Chevrolet, Lexus, Toyota және Peugeot көліктеріне соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Chevrolet көлігінің екі жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір тексеру жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астана-Щучинск автожолындағы төлем терминалында жүк көліктері соқтығысқаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206853-astanada-5-kolikting-qatysuymen-iri-zhol-apaty-boldy-zardap-shekkender-bar-video/